Мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

Жаңа типті коронавируспен «Covid-19» табанды күресумен үлгі болған Түркияда бұдан кейін басылатын қадамдар да белгіленді.

1377325
Мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады

Түркияда мектеп оқушылары жаңа типті коронавирус «Covid-19» салдарынан 16 наурыздан бастап демалысқа шығады.

Барша әлемге ықпал жасаған жаңа типті коронавируспен «Covid-19» табанды күресумен үлгі болған Түркияда бұдан кейін басылатын қадамдар да белгіленді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Президенттік сарайында президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында министрлер және қатысты органдардың қатысуымен ұйымдастырылған коронавирус тақырыпты жиналыстан кейін мәлімдеме жасады.

 Президент Режеп Тайып Ердоғанның шетелдік сапарларының кешіктірілгенін түсіндірген Калын ел көлемінде жасалатын шаралардың кейбіреулерін атап өтті.

Калын «Алдымен мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығады. Одан кейін университет студенттері де 16 наурыздан бастап үш апталығына демалысқа шығады. Мамандардың ұсынысы бойынша спорттық сайыстардың сәуір айының аяғына дейін жанкүйерсіз ойналуына шешім жасалды».

Енді бір жағынан Мәдениет және туризм министрлігі де барлық көркемөнер іс-шаралардың 14 наурыздан бастап сәуір айы аяғына дейін кешіктіретінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар