Ердоған Мишель және Ляйенмен кездесті

Президент Ердоған Мишель және Ляйенмен үштік кездесу өткізді.

1375107
Ердоған Мишель және Ляйенмен кездесті

Ердоған Мишель және Ляйенмен кездесті.

Президент Ердоған Мишель және Ляйенмен үштік кездесу өткізді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Чарль Мишель және Еуропа Одағы Комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен үштік кездесу өткізді.

Мишельдің шақыруы бойынша кеше Бельгияның астанасы Брюссельге іссапармен барған Ердоған Еуроодақ Комиссиясы төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің де орын алған үштік кездесуге қатысты. 

Еуроодақ Кеңесі ғимаратындағы кездесу баспасөзге жабық өтті.

Кездесуде Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да орын алды.

Урсула фон дер Ляйен жиналыстан кейін «Түркия мен Еуропа Одағы арасында босқындар тақырыбын және 2015 жылы  18 наурызда қол қойылған келісімнің олқылықтарын қолға алдық» деген сөздер қолданды.

Урсула фон дер Ляйен Грекия шекарасында босқындарға жасалған килігуге байланысты «Шектен тыс күш қолдануды қабылдамаймыз» деді.

Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Чарль Мишель болса, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ мен Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррельмен 18 наурыз келісімі жайлы жұмыс жүргізетіндерін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар