Террор ұйымынан алып қашқан тағы екі бала анасына қауышты

Жанұяларының қолдауымен жүргізілген көндіру шаралары нәтиже берді.

1374220
Террор ұйымынан алып қашқан тағы екі бала анасына қауышты

Диярбакыр Халықтардың демократия партиясы бас ғимараты алдында террор ұйымы PKK тауға алып қашқан балалары үшін акция ұйымдастырған Диярбакыр аналарынан тағы екеуі баласына қауышты.

Жанұяларының қолдауымен жүргізілген көндіру шаралары нәтижесінде PKK террор ұйымынан қашқандар қауіпсіздік күштеріне берілуде.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Шырнак пен Шанлыурфа Жандармерия қол басшылықтарының көндіру жұмыстарының негізінде PKK/KCK террор ұйымы құрамында қызмет еткен Джуди Ботан лақапты Хашим Ачар және Рожда Текошин лақапты ұйым мүшесінің қауіпсіздік күштеріне берілгені атап көрсетілді.

Осылайша Диярбакырда балаларының қайтып келуін күткен жанұя саны 13-ке ұласты. Ағымдағы жылы көндіру арқылы берілген террорист саны 51-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар