Президент Ердоған Әйелдердің халықаралық  күнін құттықтады

Президент Ердоған: "Өмірдің алғашқы ұстаздары әйелдерді халықаралық күнімен құттықтаймын".

1374043
Президент Ердоған Әйелдердің халықаралық  күнін құттықтады

Бүгін 8 наурыз Әйелдердің халықаралық  күні.

Президент Режеп Тайып Ердоған «8 наурыз Әйелдердің халықаралық  күніне» орай құттықтау жариялады.

Құттықтауында әйелдердің пидақорлықтарымен қоғамның болашағын қалыптастырғанына назар аударған президент Ердоған «Пидақорлықтары, еңбектері, сүйіспеншіліктері және күресімен болашағымызды қалыптастыруда зор үлес қосқан, өмірдің алғашқы ұстазы әйелдерімізді Әйелдердің халықаралық  күнімен құттықтаймын» деді.

Президент Ердоған әйелдің отбасы мен қоғамның іргетасы екеніне назар аударып, «Әйелдеріміздің білім беруден бастап бизнес пен саясатқа дейін барлық салаларда орын алуы, шешім ұсыныстарымен қоғамды жетектеуі және басшылық рөл атқаруы, аса маңызды. Бұл кезеңде білімді, мейірімді, сенімді және батыл әйелдеріміз болашағымыздың ең үлкен кепілгерлері» деді.

Ердоған бөлшектенудің алдын алудың қоғамның тұтас міндеті екенін атап көрсетті.

Құттықтауында Ердоған зорлық-зомбылық құрбаны әйелдерге Алланың рақымы мен шәйіттердің туыс-тамыры әйелдерге сабыр тіледі.



Ұқсас жаңалықтар