Грекияға қарай өткен босқын саны 142 мың 175
Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері болса Лесбос аралына барған босқын қайықтарына кедергі болуға тырысты.
1373576
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Түркия сағатымен 12,10 мәліметтеріне қарағанда Эдирне қаласынан Грекияға қарай өткен босқын санының 142 мың 175 екенін білдірді.
Министр Сойлу Твиттер әлеуметтік желісінен Түркиядан кеткен босқындардың санына байланысты «Сағат 12,10 мәліметтері бойынша Түркия жерінен кетіп, Эдирнеде Мерица өзінен Грекияға өткен босқын саны 142 мың 175» деп мәлімдеді.
Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері болса Лесбос аралына барған босқын қайықтарына кедергі болуға тырысты.
Кеше кешке Лесбос аралының жағасына жеткен үрленген қайықтағы босқындар грек қызметкерлердің қайықтарына оқ атқанын және толқын қалыптастырып, қайықты тоқтатуға тырысқанын жеткізді. Жағаға жеткен босқындар жаңбыр астында түнеп шыққандарын айтты.