Әскер Рейханлы мемлекеттік ауруханасында шейіт болды

«Көктем қалқаны» операциясы болып жатқан жерге Асад әскерлері оқ атып, бір әскер жарақат алған еді.

1372824
Әскер Рейханлы мемлекеттік ауруханасында шейіт болды

Сирияның Идлиб қаласында Асад күштерінің шабуылында жарақат алған әскер Рейханлы мемлекеттік ауруханасында шейіт болды.

Идлиб аймағында тыныштық орнату мақсатымен Түрік Қарулы күштері тарапынан жүргізілген «Көктем қалқаны» операциясы болып жатқан жерге Асад әскерлері оқ атып, бір әскер жарақат алған еді. Сол әскер ауруханада шейіт болды.

Газиантеп акиматының хабарламасында: «Идлиб қақтығысты баяулату аймағына жасалған шабуыл нәтижесінде перзентіміз шейіт болды.  Шейітімізге Алладан рақым тілеп, отбасына көңіл айтамыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар