Министр Чавушоғлу Еуроодаққа Түркияның талаптарын жеткізді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуроодақ Жоғары өкілі Джозеф Боррелльмен бас қосты.

1371920
Министр Чавушоғлу Еуроодаққа Түркияның талаптарын жеткізді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бас қала Анкарада бас қосқан Еуроодақ Жоғары өкілі Джозеф Боррелльден заңсыз көш дағдарысымен байланысты Еуроодақтың енді жауапкершілік алу керектігін талап етті.

Чавушоғлу Еуроодақ Еуроодақ Сыртқы қатынастар мен қауіпсіздік жоғары өкілі Джосеф Боррельмен кездесуінің артынан әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу баптармен жіктеген тізімінде «Еуроодақ Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік жоғары өкілі Джосеф Боррельге Еуроодақтың елімізге берген уәделерін орындамағанын, бұл ауыр жүкті енді жалғыз өзіміздің көтермейтінін, Еуроодақтың жауапкершілік алатын уақыттың енді келгенін жеткізді.

Боррель мен Еуроодақтың Төтенше жағдайларға жауапты мүшесі Янез Ленарчич басшылық жасаған Еуроодақ делегациясы кеше Түркияға келіп, Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары, көш мәселесі және Сирияның Идлиб аймағындағы жаңалықтарды қолға алды.



Ұқсас жаңалықтар