Акар: «Көктем қалқаны» операциясы жоспарланғандай жалғасуда

Министр Акар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

1371826
Акар: «Көктем қалқаны» операциясы жоспарланғандай жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның Идлиб аймағында Түрік Қарулы күштері бастаған «Көктем қалқаны» операциясының жоспарланғандай жалғасқанын атап көрсетті.

Министр Акар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

27 ақпан күні Сирияның Идлиб аймағында шабуылдарын арттырған Башар Асад режиміне бағытталған «Көктем қалқаны» операциясына тоқталған Акар «Біздің мақсатымыз шешім, бейбітшіл және саяси әдістер. Аймақтың тыныштығы, қауіпсіздігі және төгілген қанның тоқтауы үшін үздіксіз жұмыстанудамыз. Құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоған да түні-күні тез арада сол жерде тыныштықты қамтамасыз ету, келіссөздерді одан әрі жалғастыру мақсатты талпынуда. Мұны тағы бір рет Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинге жеткізеді» деді.

«Көктем қалқаны» операциясының жоспарланғандай жалғасқанын атап көрсеткен Акар «Сол жерде тыныштықты қамтамасыз ету үшін талпынамыз. Түрік әскерлері үлкен батылдық және жауапкершілікпен қызметін атқарады» деді.



Ұқсас жаңалықтар