Түркия Еуропаға кететін босқындарды тоспайды

Өмер Челик Түркияның енді Еуропаға кетуге беталған босқындарды тосатын күйде емес екенін айтты.

1367853
Түркия Еуропаға кететін босқындарды тоспайды

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик Түркияның енді Еуропаға кетуге беталған босқындарды тосатын күйде емес екенін айтты.

Өмер Челик Сирия режимінің Түрік әскерлері шәйіт болған қандықол шабуылынан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Босқын саясатымыз өзгермейді. Алайда ортада шұғыл жағдайлар бар. Бұдан былай босқындарды ұстап тұратын жағдайда емеспіз" деді.

Сирия режимінің ауыр шабуылдарынан қашқан Идлиб халқының Түркия шекарасында қалыптастырған көш толқынының құрлық және теңіз жолымен Еуропаға өтуіне кедергі жасалмайтыны, жағажай қауіпсіздік және шекара қауіпсіздігі топтарына қажетті бұйықтар берілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар