Ирак пен Италияға саяхат ескертуі жасалды

Түркия азаматтарына Ирак пен Италияның коронавирус байқалған аймақтарына саяхат жасамауды ескертті.

1367067
Ирак пен Италияға саяхат ескертуі жасалды

Түркия азаматтарына Ирак пен Италияның коронавирус (Сovid-19)  байқалған аймақтарына мәжбүр қалмаса, саяхат жасамауды ескертті. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Италияда коронавирус инфекциясы оқиғасының және вирус себеп болған өлімнің соңғы күндерде артып отырғаны жеткізілді.

Мәлімдемеде:

"Түркия азаматтарының Италияның коронавирус (Сovid-19)  инфекциясы байқалған аймақтарына мәжбүр қалмаса, саяхат жасамауларын ерекше ұсыныс етеміз" деп көрсетілді.

Министрлік Иракқа байланысты жариялаған саяхат ескертуінде коронавирус (Сovid-19) инфекциясының осы елде арта бастағаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Түркия азаматтарының мәжбүр қалмаса, Ирактың коронавирус (Сovid-19)  байқалған аймақтарына саяхат жасамаулары, Иракқа барған жағдайда инфекция ауыр болған аймақтардан алыс болуы ерекше ұсыныс етіледі"деп көрсетілді.

Осы екі елде өмір сүріп жатқан азаматтарға шұғыл жағдайларда Түркия елшілігі мен консулдықтарға баруы ескертілді және жергілікті ақпараттарды, Әлем Денсаулық ұйымының мәлімдемелері мен ескертулерін бақылап отырулары ерекше ұсыныс етілді. 



Ұқсас жаңалықтар