Түркиядан Ходжалы хабарламасы

Түркия Әзербайжанда армяндар жасаған Ходжалы қырғыны мен әлі күнге жалғасқан басқыншылықты айыптады.

1366521
Түркиядан Ходжалы хабарламасы

Түркия Әзербайжанда армяндар жасаған Ходжалы қырғыны мен әлі күнге жалғасқан басқыншылықты айыптады.

Түркия Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап,  Армения Республикасы жасақтары тарапынан Әзербайжанның Таулы Қарабах аймағындағы Ходжалы қаласына жасалған шабуылда 613 Әзербайжан азаматының қаза тапқанын еске салды. 1992 жылғы 26 ақпан күні болған қырғында қаза тапқандардың 106-сы әйел, 63-і бала, 70-і қария кісілер болатын.

Аталмыш оқиғада Армения күштері мыңнан астам адамды тұтқынға алды.  Әлі күнге жоғалып кеткен азаматтардың тағдыры белгісіз.

Хабарламада: «Бейбіт халыққа қарсы бағытталған осы адамдыққа жатпайтын шабуылды да қосқанда Әзербайжан жерінің басып алынуы нәтижесінде бір миллионнан астам әзербайжандық көшіп кетуге мәжбүр болды.  Олар өз елдерінде босқын ретінде өмір сүруде. Әлі күнге дейін Әзербайжан жерінің 20 пайызы басқыншылық астында.  Осы қырғын мен Әзербайжан жерінің басып алынуын айыптаймыз.

Әзербайжандық бауырларымыздың 28 жыл бұрын болған Ходжалыдағы қырғындағы қайғысын бөлісеміз. Осы трагедияда қаза тапқандарға Алладан рақым тілейміз.  Әзербайжан халқына шын жүректен тағы бір рет көңіл айтамыз» деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар