Министр Чавушоғлу орыс делегациясының Түркияға келетінін мәлімдеді

Мевлүт Чавушоғлу Идлиб келіссөздері алдында орыс делегациясына талаптардың жеткізілгенін білдірді.

1366763
Министр Чавушоғлу орыс делегациясының Түркияға келетінін мәлімдеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Идлиб келіссөздері алдында орыс делегациясына талаптарын жеткізгендерін мәлімдеді.

Сирияның Идлиб аймағында шабуылдарды түбегейлі тоқтату және режимнің Сочи келісімі аясында белгіленген аймаққа кері шегінуі басты талап ретінде көрсетілді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Сирияның Идлиб аймағы тақырыбында келіссөздер үшін Түркияға бүгін келетін орыс делегациямен жиналыс алдында мәлімдеме жасады.

Башар Асад режимінің Сочи келісімі аясында белгіленген шекараларға кері шегінуі және атысты түбегейлі тоқтатудан бастап, Түркияның талаптары орыс делегациясына жеткізілді.

Бітімді қамтамасыз етпей бұлардың мүмкін болмайтынын баса айтқан Чавушоғлу «Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысымен делегациялар қайтадан бас қосады. Төрттік саммит алдында президент Режеп Тайып Ероған мен президент Путин арасында оңаша кездесу жоспарлануда» деді.



Ұқсас жаңалықтар