"YİMER 157" қызмет көрсеткен тілдер құрамына пушту тілін қосылды

Ішкі істер министрлігі Көшу-қон басқармасы Шетелдіктер байланыс орталығы 7 тілде қызмет көрсетуде.

"YİMER 157" қызмет көрсеткен тілдер құрамына пушту тілін қосылды

Ішкі істер министрлігі Көшу-қон басқармасы Шетелдіктер байланыс орталығы (YİMER 157) қызмет көрсеткен тілдер құрамына пушту тілін қосты.

Қөшу-қон басқармасы ресми твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде түрік, ағылшын, араб, орыс, неміс және парсы тілдерінде 7 күн 24 сағат үздіксіз қызмет көрсеткен «YİMER»-дің қызметіне пушту тілінің қосылуымен жалпы тіл саны 7-ге ұласты.

Мәлімдемеде «Шетелдіктердің виза, тұру рұқсаты, халықаралық қорғаныс, уақытша қорғаныс» сияқты басқармамыздың қызмет саласына кірген тақырыптарда қойған сұрақтарына жауап қайтарған «YİMER157» ұсыныстар, шағымдар немесе жәрдем сұраныстарына шешім іздеп, адам мен босқын саудагерлерінің торына түскен тұлғалар жөнінде хабарлама мен жәрдем қолын созу қызметін атқаруда» делінді.

Басқарма сондай-ақ Анталиядан пушту тілінде түскен алғашқы хабарламаның үн таспасын бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар