Ресейдің қолдауы Сирияда жағдайды күрделендіруде

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады.

1364498
Ресейдің қолдауы Сирияда жағдайды күрделендіруде

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Ресейдің Сирияда Асад режиміне берген қолдаудың аймақта гуманитарлық дағдарыстың одан да нашарлауына себеп болғанын атап көрсетті.

Алтун твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен жұма күні телефон әңгімесі барысында Идлибке қатысты уайымдарын тілге тиек етті.

Асад режиміне Ресей берген қолдаудың жағдайды одан да нашарлатқанын атап көрсеткен Алтун «Шекараларымызда  1 миллионнан астам босқын елімізге төнген қауіпті арттыруда» деді.

Алтун Сочиде Ресеймен келісім жасалғанын және бұл келісімнің қажеттіліктерін орындауға тырысқанын білдірген мәлімдемесінде «Тараптардың уәделерін толығымен орындауын және тұрақтылықты қамтамасыз етуді жалғастыратынын үміт етеміз. Осыған қоса әскерлерімізді кезкелген бір қауіпке қарсы қорғаудан бас тарпаймыз» деді.

Асад режимінің қорқынышты әрекеттері жазықсыз адамдардың қаза табуы мен аймағымызды тұрақсыздандыруы салдарынан туындайды. Сабырымыз қалмады, бірақ Ресейдің ынтымақтастығына сенеміз. Дегенмен ұлттық қауіпсіздігімізді қорғаудан бас тартпаймыз. миллиондаған жазықсыз сириялықтың елді-мекендерінен кетуге мәжбүрлеуді еш нәрсе заңды қыла алмайды» деді



Ұқсас жаңалықтар