PKK-лық екі террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Көндіру арқылы берілген террорист саны күн өткен сайын артуда.

1364657
PKK-лық екі террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық тағы екі террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда, кеше Полиция бас дирекциясы Барлау және террормен күрес бөлімшесі мен Ұлттық барлау ұйымының ортақ көндіру жұмыстары нәтижесінде 2006 жылы террор ұйымына қосылған Хаки лақапты Адем Өздемир террористік ұйымнан қашып қауіпсіздік күштеріне берілді.

Қауіпсіздік күштерінің көндіру жұмыстары барысында Шанлыурфа қаласында тағы бір террорист берілді.

Террор ұйымы PKK-ға бағытталған операциямен ұйымдағы тарқау процесі жылдамдады.

Барлау ұйымы тарапынан көндірілген және Сирияның солтүстігінен қашқан бір террорист Шанлыурфада қауіпсіздік күштеріне берілді.

Акчакале ауданында берілген террористтің тергеу жұмыстары жалғасуда.

Осылайша биыл ұйымнан қашып қауіпсіздік күштеріне берілген террорист саны 42-ге ұласты.



Ұқсас жаңалықтар