Ливия бізді шақырғандықтан сол жерге бардық

Президент Ердоған Стамбулда журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

1364078
Ливия бізді шақырғандықтан сол жерге бардық

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік лауазым иелерінің Ливияда халықаралық мойындаған Ұлттық келісім үкіметінің шақыруы бойынша осы елге барғанын айтты.

Президент Ердоған Стамбулда журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Ливия тақырыбындағы бір сұраққа жауап берген Ердоған «Ливияның шығысындағы күштерінің төңкерісші генералы Хафтер заңды лидер емес. Жалпы айтқанда Хафтер біз үшін заңды емес. Сол жерде заңды лидер премьер-министр Фаиз Мустафа ас-Сарадж. Біз  Сараджбен кездестік. Батыс Сараджды шақырған жерге Хафтерді де шақырды. Біз Сирия халқының шақыруы бойынша сол жерде болсақ, Ливияда да 500 жылға негізделген бауырластығымыз бар. Олардың ұсынысы бойынша қауіпсіздік тақырыбында келісім жасадық. Олардың шақыруымен сол жерге бардық» деді.

Соңғы күндерде күн тәртіпте келген Америка Құрама Штаттарының Патриот әуе қорғаныс жүйесін алу тақырыбына да тоқталған Ердоған «Ресейден алынған S-400 әуе қорғаныс күн тәртіпке болған кезде, АҚШ президенті Дональд Трампқа «Бізге Патриот әуе қорғаныс жүйесін беріңіз алайық деп айттық. S-400 әуе қорғаныс жүйесін де, Патриот әуе қорғаныс жүйесін де қолдана аламыз. Бірақ бізге болымды жауап берген жоқ» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар