ТҰҰМ төрағасы Шентоп Грекия президентін айыптады

ТҰҰМ төрағасы Шентоп Грекия президенті Павлопулосты түрік азсандылары жайлы мәлімдемесіне орай айыптады.

1362111
ТҰҰМ төрағасы Шентоп Грекия президентін айыптады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Грекия президенті Прокопис Павлопулостың Батыс Фракия түрік азсандыларын «жоқ» деп есептеген нәсілшіл мәлімдемесін қатаң түрде айыптап, Батыс Фракия түрік қоғамы бар екенін және болмысын әрқашан жалғастыратынын атап көрсетті.

Шентоп твиттер арқылы «Грекия президенті Павлопулостың Батыс Фракия түріктерін «жоқ» деп есептеген мәлімдемесін айыптаймын. Батыс Фракия түрік қоғамы бар және болмысын әрқашан жалғастырады. Тарихымыздың қасиетті белгісі Румелиде өмір сүрген бауырларымыз Түркияның әрқашан олардың қасында екенін ұмытпасын» деді.



Ұқсас жаңалықтар