Ердоған мен Трамп телефонда сөйлесті

Басшылар Түркия мен АҚШ арасындағы сауда көлемін 100 миллиард долларға жеткізу келісөздерін бастау тақырыбында келісті.

1360230
Ердоған мен Трамп телефонда сөйлесті

Түркия мен АҚШ екі жақты сауда көлемін 100 миллиард долларға жеткізу мақсатты келіссөздерді қайтадан бастау тақырыбында келісті.

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесті.

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған мен Трамп арасында жүзеге асқан телефон әңгімесінде екі жақты мәселелерге қоса, аймақтық жаңалықтар қолға алынды.

Ердоған мен Трамп Сирияда Башар Асад режимінің шабуылдарының қабылданбағанын атап, Идлибтегі дағдарысты тез арада жою тақырыбында ортақ көзқарас білдірді.

Түркияның теңіз көршісі Ливияның қайтадан бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуінің маңызына назар аударылған әңгіме барысында екі басшы екі жақты сауда көлемін 100 миллиард долларға жеткізу үшін келіссөздерді қайтадан бастау тақырыбында келісті.



Ұқсас жаңалықтар