"Түркияға инвестиция салғандар өкінбейді"

Ердоған Түркия-Пәкістан Бизнес форумына қатысты.

1359643
"Түркияға инвестиция салғандар өкінбейді"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға инвестиция салған ешкімнің өкінбейтінін айтты.

Ресми сапармен кеше Пәкістанға кеткен президент Ердоған Түркия-Пәкістан Бизнес форумына қатысты.

Ердоған осында сөйлеген сөзінде Пәкістанмен сауданы алдымен 1 миллиард доллардан асыру, артынан 5 миллиард доллар мақсатына жеткізуді жоспарлағандарын білдірді.

Түркияның Пәкістандағы тікелей инвестициясының бүгінгі күні 500 миллион долларға жеткенін білдірген Ердоған: «Қазірге дейін елімізге сенген, Түркияға инвестиция салған ешкім өкінбеді» деді.

Президент Пәкістан халқының емделу үшін батыс елдерін таңдағанын айтып: «Түркия медициналық инфрақұрылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әрі қызметте, әрі бағасының арзандығы жағынан Түркия батыстағы елдерден алда. Пәкістандық бауырларымыздың емделу үшін жаңа бағыты Түркия болуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар