Президент Пәкістан парламентінде сөз сөйледі

Президент Ердоған Түркияның терроризммен күресте Пәкістанды қолдауды жалғастыратынын айтты.

Президент Пәкістан парламентінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның терроризммен күресте Пәкістанды қолдауды жалғастыратынын айтты.

Ердоған Пәкістандағы сапарының екінші күнінде Пәкістан Ұлттық мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында сөз сөйледі.

«Пәкістан халқының Азаттық соғысымыз барысында өздерінің аузындағысын жырып беріп,  бізге жіберген көмегін ұмытпадық. Міне,  біз үшін де енді Кашмир осындай мағынада» деді ол.

Ердоған: «Бейбітшілік бұлағы» операциясы жөнінде демократия және адам құқықтарын ешкімге бермегендер террористтерді құтқару үшін аттанысқа түсті,  Пәкістан болса Түркияның жанында болды» деді.

«Терроризммен күресінде Пәкістанды қолдауымызды жалғастырамыз» деді ол.

Президент сөзінде Сирияның Идлиб қаласындағы жағдайға да тоқталып: «Идлибте соңғы күндері басылған қадамдарымыздың мақсаты 4 миллион жазықсыз адамның Асадтың бомбалары астында өлуінің алдын алу» деді.

Президент Ердоған: «Ливиядан Йеменге дейін қақтығыстар болған әрбір жерде Түркияның маңызды мақсаты – қанды,  қиратуды,  зұлымдықты және көздің жасын тоқтату» деді.

Ердоған Америка Құрама Штаттарының «Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарына» да наразылық көрсетіп: «Құрметті АҚШ президенті Трамп пен Израиль премьер-министрі Нетаньяху арасында Иерусалимге байланысты басылған қадам «ғасырдың бейбітшілік жоспары» деп аталған жоспар – басқыншылық жобасы» деді.

Баяндамасында Кашмир проблемасына да тоқталған Ердоған Түркияның Кашмир проблемасында әділеттің, бейбітшліктің, даилогпен шешу жолының жанында болатынын білдірді. «Кашмир мәселесі қақтығыс немесе қысыммен емес,  тек әділетпен шешіледі» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар