Ердоған Асад күштеріне әр жерде соққы енгізілетінін ескертті

«Түрік әскері аз ғана шығынға ұшыраған жағдайда, Асад күштерін әр жерде атып тастаймыз».

1358044
Ердоған Асад күштеріне әр жерде соққы енгізілетінін ескертті

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік әскері аз ғана шығынға ұшыраған жағдайда, Башар Асад күштеріне әр жерде соққы енгізетіндерін мәлімдеді.

Ердоған басшылық жасаған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) жиналысында үн қатты.

Баяндамасында Идлибте жазықсыз адамдарға бағытталған шабуылдарға тоқталған Ердоған «Барша көзін жұмса, кері бұрылса және ұжданын жоғалтса да, Түркия бұл жағдайға қарап отырмайды» деді.

Қазіргі сатыда енді ешкімнің арсыздыққа, опасыздыққа, сатқындыққа, арандатушылыққа рұқсат бермейтіндерін атап көрсеткен Ердоған «Идлибте тұрғын аймақтарды бомбалайтын әуе көліктері, енді бұрынғыдай емін-еркін ұш алмайтын болады» деді.

Ердоған «Түрік әскері аз ғана шығынға ұшыраған жағдайда, Башар Асад күштерін әр жерде атып тастайтынымызды ашық жариялаймын» деді.

Түрік әскерінің қаны төгілген жерде қаншама үлкен болса да, ешкім қауіпсіз болмайтынын да ашық айтамын» деді.

Ақпан айының соңына дейін режим күштерін Сочи келісімі шекараларына яғни, түрік күзет пункттерінің арғы жағына дейін шығаратындарын атап көрсеткен Ердоған «Бұл үшін құрлық немесе әуеден не керек болса, ойланбай, уақыт жоғалтпай мұны жасаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар