Террор ұйымы Афринге бомбалы шабуыл жасады

Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда жазықсыз 8 адам қаза тапты.

1356435
Террор ұйымы Афринге бомбалы шабуыл жасады

Хатай қаласының дәл алдында Сирия жеріндегі Африн ауданына жасалған террор шабуылында 8 жазықсыз адам қаза тапты, 7 жазықсыз адам жарақат алды.

Алеппоның Африн аудан орталығында Раджу жолы деп белгілі даңғылға аялдаған бомба тиелген көлік жарылды.

Шабуылда жолдан өтіп бара жатқан 8 адам өртеніп қаза тапты. Шабуылда 7 адамның да жарақат алғаны білдірілді.

Жарылыстың артынан шыққан өртті жедел құтқару топтары сөндірді.

Ауруханаға апарылған кейбір жаралылардың жағдайының ауыр екені атап көрсетілді.

Түрік Қарулы күштері мен Сирия Ұлттық Армиясының 2018 жылы 18 наурыз күні Зәйтүн бұтағы операциясымен бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-дан құтқарылған ауданда жасырынған террор ұйымы мүшелері жазықсыз адамдарды нысанаға алуда.

Қауіпсіздік ақпарат көздеріне қарағанда террордан тазаланған аймақтарда бомбалы шабуылдардың YPG/PKK террор ұйымы тарапынан жасалғанын, дегенмен жазықсыз адамдар нысанаға алынғаны себепті шабуылдарды мойындаудан бас тартқаны белгілі.



Ұқсас жаңалықтар