Қар көшкінінде опат болғандар саны 39-ға ұласты

Ванның Бахчесарай ауданында қар көшкінінде тағы бір адамның мәйіті табылды.

1354572
Қар көшкінінде опат болғандар саны 39-ға ұласты

Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқармасының (AFAD) іздеу топтары қар көшкіні аймағында жұмыстарын жалғастыруда.

Іздеу құтқару жұмыстарына арнайы жаттықтырған төбеттер де қатысуда. Қардың түбінде әлі 1-2 адамның бар екені болжалуда.

Бахчесарай трассасын жапқан жандармерия қауіпсіздік себепті қар көшкіні аймағына өтуге рұқсат бермейді.



Ұқсас жаңалықтар