Қытайдағы түрік азаматтары Түркияға әкелінуде

Қытайдың Ухан қаласындағы түрік азаматтарын әкелетін Түрік Қарулы күштеріне тиесілі үлкен жүк ұшағы Түркияға қарай бет алды.

1351225
Қытайдағы түрік азаматтары Түркияға әкелінуде

Қытайдағы түрік азаматтары Түркияға әкелінуде.

Коронавирус індеті Қытайдың Ухан қаласында пайда болған еді. Осы Ухан қаласындағы  түрік азаматтарын тасымалдаған  Түрік Қарулы күштеріне тиесілі үлкен жүк ұшағы Түркияға қарай бет алды.

Әзірбайжан, Грузия және Албания азаматтарының да болған көбі түрік 42 кісі 6 адамдық медицина қызметкерлерінен құралған түрік тобының тексеруінен өткізіліп, бір-бірден ұшаққа алынды.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа да ұшақтың Қытайдан кеткеннен кейін жасаған мәлімдемесінде «Жүрегіміз бір болған кезде әлемнің әр жерінде біргеміз. Азаматтарымыздың жәрдеміне қол ұшын берген медицина және Қарулы күштері қызметкерлерімізбен мақтанамыз»деді.

Ұшақтағы жолаушылардың барлығы Түркияда 14 күн бойынша бақылау астына алынады.

 



Ұқсас жаңалықтар