Түркияда коронавирус оқиғасы тіркелмеді

ТР Денсаулық Сақтау министрі брифинг берді.

1350736
Түркияда коронавирус оқиғасы тіркелмеді

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жаңа типтегі коронавирус тақырыбындағы министрліктің шараларын білдірді.

«Қытайдан келген жолаушыларды ұшақтан түскен кезде термокамералармен тексеруден өткіземіз.  Қазірге дейін 11 мың жолаушы тексеруден өтті, күдікті оқиға жоқ» деді ол.

Коронавирус ғылыми кеңесі Денсаулық сақтау министрі Кожаның басшылығында жиналды.  Жиналысқа байланысты мәліметті министрдің өзі берді.

«31 қаңтар сағат 09.30-да әлем көлемінде 23 елде 9 мың 810 коронавирус оқиғасы тіркелді.  Осы көрсеткіштің 99 пайызы- Қытайда» деді ол.

Министр Түркияда коронавирус диагнозы қойылған науқас жоқтығын білдірді.

Ол бүгінге дейін күдікті 68 кісіден сынама алынып,  анализ жасалғанын,  вирус кездеспегенін хабарлады.

Министр сонымен бірге Қытайдың Ухан қаласында өмір сүретін түрік азаматтарын алып келетін ұшақтың Қытайға аттанатынын да білдірді. «Уханда 34 түрік азаматы, 7 Әзірбайжан, 7 Грузия, 1 Албания азаматы медициналық тексеруден кейін ұшаққа отырғызылады» деді ол.

Сондай-ақ министр: «Қытай порттарынан Түркияға келетін жолаушы кемесі жоқ.  Жүк кемелері болуы мүмкін. Кемелердің барлығы тексеруден өтеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар