Мұсылмандар үшін Иерусалим өте маңызды

Президент Ердоған мыңдаған жылдар секілді осы таңда да әлем бейбітшілігінің кілтінің Иерусалим екенін айтты.

1350909
Мұсылмандар үшін Иерусалим өте маңызды

Мұсылмандар үшін Иерусалим өте маңызды.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партияның орталығында кеңейтілген провинция төрағалары жиналысында сөз сөйледі.

Президент Ердоған мыңдаған жылдар секілді осы таңда да әлем бейбітшілігінің кілтінің Иерусалим екенін айтты.

Ердоған «Бейбітшілік шынары Иерусалим егер  жығылатын болса, онда барша әлем күйрейді» деген сөздер қолданды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың ауыз жүзіндегі Орташығыс бейбітшілік жоспары арқылы Палестина территорияларын басып алуды көздегенін баяндады.

Ердоған баяндамасында «Месжид-и Аксаның құндылығы қорғалмаса, онда болашақта  арам ниетті күштер көзін Қағбаға тігеді. Месжид-и Акса барша мұсылмандардың қасиетті орны. Құндылықтарымызды аяқ асты етулеріне үнсіз қала алмаймыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған «Ислам әлеміндегі елдердің тұғырына қарағанымызда қазіргі жағдайға жүрегім ауырады. Сауд Арабия секілді мұсылман елдері үнін шығармай жатыр. Олар қашан үнін шығарады?» деді.

Ердоған Иерусалимді түбегейлі түрде Израильдің қанды қолына тастаудың барша адам баласына жасалған ең үлкен жамандық болғанын білдірді.

Президент Ердоған Сирия және Идлибтегі жағдайға қол қусырып қарап отырмайтынын түсіндіріп, «Сириядағы әрбір оқиға Түркия үшін өте маңызды. Сирия және Идлибтегі оқиғаларға үнсіз қалмаймыз. Біз Сирияның тұрақтылығын қалаймыз» деді.

Ливия тақырыбына да тоқталған Ердоған «Ливия тақырыбы жайлы ешкімнің Түркияға ақыл айту құқығы жоқ» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Элязыг провинциясында 24 қаңтарда болған 6,8 балдық жер сілкінісіне байланысты «48 азаматымыз емделіп жатыр» деді.



Ұқсас жаңалықтар