ТҰҰМ Таяу Шығыс Бейбітшілік жоспарын айыптады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Мәжілістегі партияларға алғысын білдірді.

1350216
ТҰҰМ Таяу Шығыс Бейбітшілік жоспарын айыптады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп АҚШ-тың Таяу Шығыс Бейбітшілік жоспарын айыптап, Палестинаның заңды күресінде ауызбірлікпен декларацияға қол қойған саяси партияларға алғысын білдірді.

Шентоп твиттерден «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде тобы бар саяси партиялар ретінде бірлескен ортақ декларациямен АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын айыптадық. Барлық партияларға Палестина мәселесінде ауызбірліктері үшін алғысымды білдіремін. Палестинаны нысан ағаалған жаңа басқыншылық жоспарын ешқашан қабылдамаймыз» деді.

ТҰҰМ-де тобы бар саяси партиялар кеше жариялаған ортақ декларациямен АҚШ-тың аталмыш Бейбітшілік жоспарын айыптаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар