Ердоған Гамбияға барды

Президент Ердоған Гамбия президенті Адама Бэрроумен оңаша кездесті.

1348406
Ердоған Гамбияға барды

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Гамбияға барды. Президент Ердоған Гамбия президенті Адама Бэрроумен оңаша кездесті. Оңаша және делегациялар арасы кездесуден кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізілді.

Президент Ердоған Түркияның Африка елдерімен экономикалық қарым-қатынастарды әрқашан әділетті және екі жақтың де мүддесі негізінде дамытуға тырысқанын айтты.

Кездесулерде екі ел қарым-қатынастарына тоқталғандарын түсіндірген Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының  білім беру сылтауымен жүргізген жұмыстарын алғашқы тоқтатқан елдің Гамбия екенін атап өтті.

Ердоған «Гамбияның осы бекімді шешімі басқа Африка елдеріне де Фетуллахшы террор ұйымымен күресу түйінінде үлгі болды» деді.

Екі ел арасындағы экономикалық және сауда қарым-қатынастарының тілеген деңгейде емес екенін түсіндірген Ердоған екі ел саудасын тіпті де күшейткісі келгендерін баяндады.

Гамбия президенті Адама Бэрроу да талай жылдан бері Түркиядан әр салада қолдау алғандарын және қою ынтымақтастық жасағандарын білдіріп, экономиканың түрлі салаларында Түркиямен күшті байланыс құрғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар