Ердоған Брайант үшін көңіл айтты

Президент Коби Брайанттың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

1348468
Ердоған Брайант үшін көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған америкалық баскетболшы Коби Брайанттың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Президент Ердоған әлеуметтік желіде жазба жариялап: «Әлемде адамдарды баскетболдың сұлулығымен таныстырған,  сансыз спортшыға шабыт берген Коби Брайанттың қазасына күйзелдім. Түркия президенті және баскетбол жанкүйері ретінде отбасына және жақындарына көңіл айтамын» деді.

Америка Баскетбол лигасының әлемге әйгілі ойыншыларының бірі,  41 жастағы Брайант жексенбі күні Калифорнияда тікұшақ апатында қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар