Зілзалада қаза тапқандар саны 41-ге жетті

Апат аймағына гуманитарлық жәрдемдер жеткізілуде.

Зілзалада қаза тапқандар саны 41-ге жетті
elazığ deprem 1.jpg
elazığ deprem 2.jpg

Элазығ провинциясында жұма жергілікті уақытпен сағат 20:55 күні болған және орталығы Сивридже ауданы болған 6,8 балл күшіндегі зілзалада қаза тапқандар саны 41-ге жетті.

Зілзаланың артынан басталған іздеу құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқармасы (AFAD) зілзаланың артынан ауруханаларға жеткізілген 1607 адамнан 1515-інің емделіп шыққанын атап көрсетті.

Құтқарушылар үйінділер астынан 45 адамды алып шықты. Аймаққа барлығы 23 мың 507 жанұялық шатыр, 400 жалпы мақсаттағы шатыр, 2 мың 354 электр пеші, 6 мың 436 азық-түлік пакеті жіберілді.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа, Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум, Дін істері басқармасы төрағасы Али Эрбаш зілзала аймағын аралап азаматтармен әңгімелесті.

Республикашыл Халық партиясы төрағасы Кемал Кылычдароғлу, Элазығ зілзаласының артынан халықтың бірігуін мақтан тұтты.

«Түрік халқы қайғы мен қуанышта бірге қозғалғанын тағы бір рет көрсетті» деді ол.

«İYİ» (Жақсы) партиясы төрайымы Мерал Акшенер Элазығ зілзаласының артынан аймаққа барды.

Мерал Акшенер қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, сабыр тіледі. «Бәріміз бірігіп, бұл жарамызды емдейміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар