Жер сілкінісінен кейін жедел хаттар келіп жатыр

Элязыгдағы жер сілкінісіне орай шетел басшылары көңіл айтып жатыр.

Жер сілкінісінен кейін жедел хаттар келіп жатыр
abbas-erdogan.jpg

Элязыгдағы жер сілкінісіне орай шетел басшылары көңіл айтып жатыр.

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас жер сілкінісіне орай президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхат жолдады.

Аббас жеделхатында Ердоғанға, түрік халқына және зілзалада қаза тапқандардың отбастарына көңіл айтты.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министрі Эрсин Татар да президент орынбасары Фуат Октай және Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуға телефон шалып, Элязыгтағы зілзалаға орай көңіл айту тілегін жеткізді.

Телефондағы әңгімелерінде Кипр түрік халқының Түркиядағы бауырластарының қайғысын бөліскенін білдірген Татар «Зілзалада қаза тапқандарға көңіл айтамын және жарақат алғандарға жедел шипа тілеймін» деді.

Татар Кипр түрік халқының бұрынғыдай Түркиядағы бауырластарының қасында болатынын және әртүрлі қолдау жасауға дайын екенін айтты.

Тайваньның Анкара экономика және мәдениет миссиясы өкілі Ясер Чынь да жер сілкінісінен кейін Тайвань азаматтарының Түркияға көңіл айтқандарын және жәрдем ұсыныстарын  жеткізді.

Чынь «Түркияға жедел құтқару тобын жіберуге дайынбыз» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар