Ердоған Алжирден Гамбияға аттанды

Ердоған мен делегациясын Алжир президенті қатарлы басшылар аттандырып салды.

1348110
Ердоған Алжирден Гамбияға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Алжирдегі кездесулерін аяқтады. Ердоған "TUR" арнайы ұшағымен "Houari Boumediene" халықаралық әуежайынан Алжир президенті Абдүлмежид Теббун, Алжир Мәдениет министрі Малика Бендоуда мен протокол директоры Белькаджем Лариби, Түркияның Алжирдегі Өкілетті елшісі Махинур Өздемир Гөкташ және басқа басшылар аттандырып салды.

Президент Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Энергия және табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк, Сауда министрі Рухсар Пекжан, Ұлттық Барлау Ұйымы төрағасы Хакан Фидан, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да Гамбияға бірге аттанды.



Ұқсас жаңалықтар