Ердоған Элязыгта жаназаға қатысты

Президент Ердоған аймақтағы зілзалада қайтыс болған екі кісінің жаназасына қатысты.

1347327
Ердоған Элязыгта жаназаға қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісі болған Элязыг аймағына зерттеу жүргізуге барды.

Стамбұлдағы Сыртқы Экономикалық байланыстар ұйымының 33-ші кезекті Жалпы кеңесі бағдарламасын тоқтатқан президент Ердоған Сивридже ауданында болған 6.8 балл зілзалаға байланысты зерттеу жүргізу мақсатымен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп және Президенттің орынбасары Фуат Октай және кейбір министрлермен бірге Элязыг аймағына барды.

Аймақтағы зілзалада қайтыс болған екі кісінің жаназасына қатысқан президент Режеп Тайып Ердоған осы жердегі сөзінде:

"Тарихтан бері көптеген зілзаланы бастан кешірдік, алайда ұлтымыз осы зілзалалардың ауыртпалығынан сабырлылықпен өтті және табысқа жетті" деді. 

Президент Ердоған:

"Мемлекет ретінде, ұлт ретінде қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз, жасап та жатырмыз. Барлық қалдықтардағы жұмыстарымыз жалғасады" деп көрсетті.

Президент Ердоған жер сілкінген аймақтағы құлаған және зақымдалған үйлерге байланысты:

"Ауылдар мен көшелердегі құлаған үйлердің орына ТОКИ (Топтық тұрғын үй басқармасы) арқылы жасалуға тиісті жұмыстарды жасаймыз, ешкім далада қалмайды" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар