Эмине Ердоған, Бахчели, Кылычтароғлу мәлімдеме жасады

Эмине Ердоған, Девлет Бахчели және Кемал Кылычтароғлу зілзалаға орай көңіл айтты.

Эмине Ердоған, Бахчели, Кылычтароғлу мәлімдеме жасады

Элязыг уәлаятының Сивридже ауданында кеше кеште болған 6,8 балл жер сілкінісінен кейін мемлекет және үкімет лауазымдылары көңіл айту жолдамаларын жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған Элязыгтың Сивридже ауданында кеше кеште болған 6,8 балл жер сілкінісіне орай ақпарат парақшасынан мәлімдеме жариялады.

"Элязыгтың Сивридже ауданында болған және төңіректегі уәлаяттарда да сезілген 6,8 балл жер сілкінісіне орай бүкіл ұлтымызға көңіл айтамын. Зілзалада қаза тапқандарға Алладан иман және жаралыларға шұғыл шипа тілеймін. Құдайым елімізді әртүрлі апаттан қорғасын!" деді Эмине Ердоған.

Ұлтшыл Қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчели зілзаладан кейін ақпарат парақшасынан жариялаған мәлімдемесінде:

 "Мемлекетіміз аттанысқа келді. Іздеу-құтқару қызметкерлерінің зілзала қалдықтары астында қалған бауырластарымызды аман-есен шығарып, зілзаланың ауыр қайғысын ұлттық береке-бірлік ішінде ұйымшылдықпен жеңетінімізге сенемін" деп көрсетті.

Республика Халық партиясының төрағасы Кемал Кылычтароғлу Элязыгта болған зілзалаға орай көңіл айту тілектерін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар