Чавушоғлұ Еуропа Одағы жайлы мәлімдеме жасады.

Чавушоғлұ «Қарқынды дамыған Еуропа» тақырыпты жиналысқа қатысты.

1345705
Чавушоғлұ Еуропа Одағы жайлы мәлімдеме жасады.

Чавушоғлұ Еуропа Одағы жайлы мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Швейцарияның Давос қалашығында ұйымдастырылған 50-ші Бүкіләлемдік Экономикалық форумы аясындағы «Қарқынды дамыған Еуропа» тақырыпты жиналысқа қатысты.

Баспасөзге жабық өткен жиналыстан кейін өзінің twitter-парақшасы арқылы мәлімдеме жасаған Чавушоғлұ «Еуропа Одағы қазір бөлініп, ішіне жабылды және құндылықтарынан айрылды. Еуропа Одағы қайтадан күшейгісі келсе, онда демократия, еркін нарық және түрлі мәдениеттілік сынды өз құндылықтарына ие шығуы керек» деген сөздер қолданды.

Министрі Чавушоғлұ сонымен қатар баспасөзге жабық өткен «Сирияда дипломатия диалогы» тақырыпты жиналысқа қатысты.

Мағлұматтарға қарағанда Чавушоғлұ бұл жиналыста Идлибте тұрақтылықтың орнатылуы, Сирия атазаң комитетінің жұмыстарын жалғастыруы және мигранттардың еліне қайта оралуы жайлы Түркияның саясатын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар