Шығыс Жерорта теңізінде Түркияның құқығын бұздырмаймыз

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 50-ші Бүкіләлемдік экономикалық форумда баяндады.

1344725
Шығыс Жерорта теңізінде Түркияның құқығын бұздырмаймыз

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия және Грекия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Шығыс Жерорта теңізіндегі құқығын қорғайтындарын білдірді.

50-ші Бүкіләлемдік экономикалық форумы Швейцарияның Давос қаласында басталды.

Саммитке қатысқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жекеменшік бір арнаның сұрақтарына жауап қайтарды.

Министр Чавушоғлу Шығыс Жерорта теңізіндегі көмірсутек іздестіру жұмыстарына тоқталған Чавушоғлу «Біздің екі алаңда бұрғылау жұмыстарымыз жалғасуда. Біріншісі теңіз шекара аймағындағы алаңдар. Бұлар Кипр Понти Әкімшілігі рұқсат берген жерлермен қиылысады. Біз осыларға таласпаймыз. Осында Кипр түрік халқының да құқығы бар екеніне ешкім қарсы емес» деді.

Кипр Понти Әкімшілігінің Еуроодақтың қамқоршылығымен бір жақты бұрғылау жұмыстарын жалғастырғанына назар аударған Чавушоғлу «Бұрғылау кемеміз Карпаздың оңтүстігіндегі бұрғылау жұмыстарын аяқтап, 8-ші алаңға кетті. Бұл жерлер Понти әкімшілігі рұқсат берген жерлер. Бұл жерде ынтымақтастыққа дайынбыз. Шығыс Жерорта теңізінде Түркияның құқығын бұздырмаймыз. Әрі майданда, әрі үстелде боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар