Рахшан Эжевит дүниеден озды

Бұрынғы премьер-министр Булент Эжевиттің жұбайы және Демократиялық солшыл партиясының құрушысы Рахшан Эжевит дүниеден озды.

1342975
Рахшан Эжевит дүниеден озды

Бұрынғы премьер-министр Булент Эжевиттің жұбайы және Демократиялық солшыл партиясының құрушысы Рахшан Эжевит 97 жасында дүниеден озды.

2019 жылы 26 желтоқсанда Гүлхане білім беру және зерттеу ауруханасына апарылған   Рахшан Эжевит бір күннен кейін науқасының ауыр болуы себепті жедел құтқару бөліміне алынған.

Рахшан Эжевит барлық құтқару шараларға қарамастан кеше Түркия сағаты бойынша 21.10-да қайтыс болды.

Рахшан Эжевиттің қайтыс болуынан кейін көңіл айту жолдамалары арт артынан келді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп, Республика Халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу және  Жақсы Партия(İYİ Parti) төрағасы Мерал Акшенер әлеуметтік медиа арқылы Рахшан Эжевитке көңіл айтты.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мен Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да Рахшан Эжевит үшін көңіл айту жолдамалар жариялады.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министрі Эрсин Татар да Рахшан Эжевиттің қайтыс болуына байланысты жолдама  жариялап, үкімет атынан көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар