Асад күштері Идлибке құрлық шабуылы бастады

Азаматтық қоғам мекемесі ақ дулығалылар мәлімдеме жасады.

1342760
Асад күштері Идлибке құрлық шабуылы бастады

Сирияда Башар Асад режимі және Иран қолдау берген шетелдік террористтік топтар орыс соғыс ұшақтарының да қолдауымен Халебтің Идлиб аймағына шабуылдады.

Идлибтегі дағдарысты азайту аймағына батыс пен оңтүстік ауылдық аймақтардан режим күштері бастаған құрлық шабуылдарында 1 бала мен 1 әйелдің қаза тапқаны білдірілді.

Асад күштері мен Иран қолдау берген шетелдік террористтік топтары құрлықтан Халебтің батыс пен оңтүстігіндегі жазықсыз адамдар мен оппозиционерлерге тиесілі аймақты жиі бомбалай бастады.

Ұшақ бақылау орталығы мағлұматтарына қарағанда 3 орыс соғыс ұшағы Халебтің батыс ауылдық аймағындағы Этарип ауданы мен Айн Джера, Кефер Наха және Касымийе ауылдарына әуе шабуылы жасады.

Азаматтық қоғам мекемесі ақ дулығалылардың мәлімдемесіне қарағанда Кафар Нахадағы әуе шабуылында жазықсыз 1 бала мен 1 әйел қаза тапты.

Батыс Халеб ауылдық аймағында сондай-ақ барлау ұшақтары да жиі ұшуда.



Ұқсас жаңалықтар