Президент Ердоған 2019 жылы бағалау жиналысында үн қатты

Бештепе Миллет Конгресс және мәдениет орталығында «Түркияның 2019 жылын бағалау жиналысында» баяндама жасады.

Президент Ердоған 2019 жылы бағалау жиналысында үн қатты
cumhurbaskani erdogan 2019 degerlendirme.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған экономикада 3,4 пайыз мөлшерінде жаһандық өсу болжамынан асуды нысанаға алғандарын білдірді.

Бештепе Миллет Конгресс және мәдениет орталығында «2019 жылы бағалау жиналысында» үн қатқан президент Жаңа экономикалық бағдарламада инфляция көрсеткіштерінің биыл 8,5 пайызға, бағдарлама мерзімі соңында болса 4,9 пайызға шегеруді нысанаға алғандарын білдірді. Ердоған «Биыл 5 пайыз өсу мөлшеріне қол жеткізіп, 3,4 пайыз мөлшеріндегі жаһандық өсу болжамынан асуды нысанаға алып отырмыз» деді.

Ердоған Жаңа экономикалық бағдарламаға қарағанда алдағы 3 жылдың ішінде жұмыспен қамдауды 3,2 миллион адамға жеткізіп, 2022 жылы жұмыссыздықты 9,8 пайызға қысқартуды нысанаға алғандарын тілге тиек етті.

Өткен жылы ұлттық бірлік және ынтымақтастықты одан да күшейткендерін, террор ұйымын шекаралардан шеттеткендерін, төңкерісшілерге әлемді зындан қылғандарын, шекарада құрылуға жоспарланған террор мемлекеті коридорын жойғандарын, экономикаға бағытталған тұзақтарды бұзып, қайтадан экономикалық нысаналарды жалғастырғандарын түсіндірген Ердоған «Қазір әрі өсуді, өндірісті, экспортты күшейтіп, әрі Жерорта теңізінен бастап халықаралық салада құқығымызды қорғаймыз, жаңа өркендеу дәуірінің есігін ашамыз. Бұл тұрғыдан 2019 жылы экспорт қорытындысы Түркияның ең қиын шарттарда не істей алатынын көрсеткен табыстың хикаясы. Иншалла 2020 жылы әр салада ұлтымыз бізге берген қолдау мен пидақорлық үшін қарызымызды өтеуге тырысамыз» деді.

Баяндамасында террормен күреске тоқталған президент өткен жылы бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы жасалған операцияларда мың 250 террористті залалсыздандырып, көптеген шабуылдың алдын алғандарын атап көрсетті.

ДАИШ, Әл-Каида және басқа террор ұйымдарына бағытталған операцияларда болса 388 террористтің залалсыздандырылғанын атап көрсеткен Ердоған «Мақсатымыз 780 мың шақырымдық отан топырағының әр қарысында азаматтарымыздың қауіпсіз, болашаққа сенімді өмір сүрулерін қамтамасыз ету» деді.

Ердоған Түркияның «Түріксат 6А» атымен алғашқы отандық коммуникация жер серігін биыл аяқтап, 2021 жылы ғарышқа ұшыратындарын да сүйіншіледі.

Ердоған денсаулық сақтау, оқу, әділет, экономика, егіншілік саласында өткен жылы жасалған жұмыстарды баяндап, ағымдағы жылы да бұл салалардағы табыстылықты жалғастыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар