Калын 'CNN International' телеарнасына Ливия келісімін бағалады

«CNN International» телеарнасының эфиріне қонақ болған Калын Ливиядағы жаңалықтарды бағалады.

1341103
Калын 'CNN International' телеарнасына Ливия келісімін бағалады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Ливияда қақтығысқан тараптар арасында атысты тоқтату бітімінің күн тәртіпке келгенін, келісімнің Түркияның арқасында қамтамасыз етілгенін атап көрсетті.

Орталығы АҚШ-тағы CNN International телеарнасының эфиріне қонақ болған Калын Ливиядағы жаңалықтарды бағалады.

Калын Ливиямен тарихтан келе жатқан қарым-қатынастары бар екенін түсіндіріп, Солтүстік Африкада саяси тұрақтылыққа Түркияның мән бергенін білдірді.

Халықаралық қоғамның қақтығыстарды тоқтату үшін бірігуі керектігіне назар аударған Калын Түркияның бұл бағытта көп талпынғанын тілге тиек етті.

Түркияның премьер-министр Файиз эс-Серрадж басшылық жасаған Біріккен Ұлттар Ұйымы алдындағы заңды Ұлттық келіссөз үкіметімен жұмыс істегенін тілге тиек еткен Калын «Бірінен соң бірі көптеген келісімді бұзған Хафтер тарапы елде жалғасқан барлық әскери қақтығыстарға жауапты» деді.

Мәлімдемеші Калын Президент Ердоған мен орыс әріптесі Путиннің 8 қаңтар күні атысты тоқтату шақыруы жасаған соң Ливияда қақтығыстардың тоқтағанына назар аударды.

Ибрахим Калын егжей-тегжейлер жайлы жұмыстану керектігін, Хафтер тарапының атысты тоқтату бітімінің арнайы баптарын жіті қадағалау үшін қосымша уақыт сұрағанын еске салды.

БҰҰ Ливия арнайы өкілі Гассан Саламенің талпыныстарын болымды бағалағандарын және Берлин процесіне қолдау бергендерін атап көрсеткен Калын Түркияның 19 қаңтар күні Берлинде болып өтетін Ливия саммиті алдында атысты тоқтатуды қамтамасыз ету бағытындағы талпыныстардың күн тәртіп пен қақтығыстарды жоюға үлес қосатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар