Телль Абьядта сириялық 420 полиция міндетке бастады

Сирияның Телль Абьяд аймағында Түркияда білім алған сириялық 420 полиция міндетке бастады.

Телль Абьядта сириялық 420 полиция міндетке бастады

Бейбітшілік бұлағы операциясы арқылы террордан тазаланған Сирияның Телль Абьяд аймағында Түркияда білім алған сириялық 420 полиция міндетке бастады.

Жергілікті полициялар әлеуметтік оқиғаларды жөнге салу, полиция қызметтері, жалпы тәртіпті сақтау, тұрғындар ісі және операциялық білім беру, қолдан жасалған жарылғыштарды жою, оқиға болған жерді бақылау тақырыптарында жаттықты және білім алды.

Телль Абьяд Қоғам қауіпсіздігі директоры Файз Мұхаммед:

"Түркияда бір ай білім алдық. Енді қала орталығында 420 жергілікті қауіпсіздік күші ретінде міндетті бастадық. Топтарға бөлініп, аймақта тыныштықты сақтаймыз" деді. 

Террормен күрес, қатынас, ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күрес және оқиға болған мекендерде бақылау жүргізу ұйымдары ретінде қызмет атқаратын жергілікті полиция қызметкерлері қала орталығындағы басқару түйіндеріне орналасады. 

Жергілікті полиция қызметкерлері қолданатын көліктерді де тапсырып алды.

Шанлыурфаның Акчакале ауданы қарсысындағы Сирия территориясында орын алған Телль Абьяд 2019 жылы 13 қазанда террористерден тазаланды.



Ұқсас жаңалықтар