"Хафтер кеше Мәскеуде атысты тоқтату бітіміне қол қоймай қашты"

Президент Ердоған Әділет және даму партиясының Мәжілістегі жиналысында баяндама жасады.

"Хафтер кеше Мәскеуде атысты тоқтату бітіміне қол қоймай қашты"

Президент Режеп Тайып Ердоған төңкерісшіл Хафтердің Ливиядағы тараптар арасында атысты тоқтату бітіміне Мәскеуде қол қоймай қашқанын атап көрсетті. Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) жиналысында баяндама жасады.

Президент Ердоған баяндамасында атысты тоқтату мәтініне қол қоймай Мәскеуден қашқан төңкерісшіл Хафтерге наразылық көрсетті.

Президент «Түркия араласпағанда, бүгін төңкерісшіл Хафтер бүкіл елді бақылауға алып, Ливия халқын жәбірлер еді. Атысты тоқтатуды жазбаша форматқа түсіру мақсатты кеше Мәскеуде жүргізілген келіссөздерде Триполи үкіметі жасампаз бір ұстаным ортаға қойды. Осы ұстанымға қарамастан төңкерісшіл Хафтер атысты тоқтату бітіміне қол қоюдан бас тартты. Алдымен бітімді қабылдағанын білдірсе де, кейін өкінішке орай Мәскеуден кетіп қалды. Мәскеуден қашты және қол қоймады. Дегенмен делегациямыз сол жерде абыройын түсірмей қол қойды. Бітім мәтіні бекітулі біздің қолымызда. Біз міндетімізді орындадық, осыдан кейінгі не болатыны Ресей президенті Владимир Путин мен жұмыс тобына қатысты. Біз еш уақытта берген уәдемізден бас тартпадық» деді.

Ердоған «Хафтер ортаға қойған шарттар нағыз ниетін көрсетуде. Мұның алдындағы келісімдерде сенімсіз екенін жақсы білеміз. Атысты тоқтатуды қабылдамауы бізді таңқалдырған жоқ. Бірақ бұрынғымен салыстырғанда енді Түркия бұл процеске толық қосылды. Кеше Мәскеуде жүргізілген келіссөздер төңкерісшіл Хафтердің нағыз ниетін ортаға қоюы тұрғысынан маңызды деп қабылдаймыз» деді.

Алдағы күндерде төңкерісшіл Хафтер мен елдің заңды үкіметі арасындағы таңдауды қадағалайтындарын атап көрсеткен Ердоған «Елдің заңды әкімшілігіне және Ливиядағы бауырларымызға шабуылдар жалғасқан жағдайда, төңкерісшіл Хафтерге тиісті сабақты беруден бас тартпаймыз» деді.

Сирияда болса атысты тоқтатуды бұзу бастамасын жалғастырған Башар Асадқа наразылық көрсеткен президент Ердоған «Қажет жағдайда режимнің атысты тоқтату бітімін бұзу бастамасының тікелей алдын алуда табандымыз» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу төңкерісшіл Хафтер Ливияда қамтамасыз етілген атысты тоқтатуға қол қойғанда, Берлин процесінің ешбір мағынасы қалмайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар