«Капан-3 Каваклы» операциясы басталды

Операцияға 825 әскери қатысып отыр.

«Капан-3 Каваклы» операциясы басталды

Ішкі істер министрлігі тарапынан Хаккариде «Капан-3 Каваклы» операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда,  операцияға Жандармерия десант, жандармерия арнайы жасақ, полиция арнайы жасағы мен Қауіпсіздік қорғаушылары топтарынан 825 әскери қатысып отыр.

Бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ны қозғалмайтын жағдайға келтірген «Кыран» операцияларының жалғасы болып саналатын осы операция арқылы террористтердің залалсыздандырылуы,  баспаналар арасындағы байланысқа кедергі болу мақсат етіледі.

Операция шеңберінде бөлшектеуші террорлық ұйымның мүшелері уақытша баспана ретінде қолданған 4 мекенде 1 мылтық, 17 жарылуға дайын тұрған жарылғыш, 3 граната,  2 генератор, көптеген оқ-дәрі, азық-түлік табылды.



Ұқсас жаңалықтар