Мұсылмандардың алғашқы тікұшағы болады

Түркия әуе платформаларын бірігіп өндіру үшін Малайзияға ұсыныс берді.

1338464
Мұсылмандардың алғашқы тікұшағы болады

Түркия соңғы кезде жетілдірілген оригинал әуе платформаларын бірігіп өндіру үшін Малайзияға ұсыныс берді.

Түрік авиация және Ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) компаниясының бас директоры Темел Котил Анадолы Агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

Котил отандық «Gökbey» тікұшағының барлық жағрапияларда қолданылатын өнім екенін айтты. «Gökbey» барлық жерге барады.  Қазақстанға да ұсындық,  Малайзияға да ұсындық.  Пәкістанға да.  Ол әлемде осы сыныпта өндірілген соңғы тікұшақ.  Әлемде осы сыныптағы тікұшақтар көп сатылады» деді.

Малайзияға да жеңіл шабуылдаушы ұшақ «Hürjet» үшін ұсыныс бергендерін білдірген Котил: «Hürjet» -өте жақсы ұшақ.  Әрі жеңіл шабуылдаушы ұшақ, әрі дайындық ұшағы. Қызығушылық тудырды» деді.

«Gökbey» жалпы мақсатты тікұшағының мұсылмандардың тұңғыш тікұшағы екенін атап көрсеткен Котил: «Ұлттық әскери ұшақ та мұсылмандардың тұңғыш ірі әскери ұшағы болады.  Atak-2 де алғашқы ірі тікұшақ болады.  сондықтан ынтымақтастық керек. Малайзиялықтар жақсы ықылас танытып отыр» деді.



Ұқсас жаңалықтар