Түркия Украина мен Иранға көңіл айтты

Түркия Тегеранда құлаған жолаушы ұшағының артынан Украина мен Иран халықтарына көңіл айтты.

1337204
Түркия Украина мен Иранға көңіл айтты

Түркия Украина әуе жолдарына тиесілі бір жолаушы ұшағының апатқа ұшырауының артынан Украина мен Иран халықтарына көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Тегераннан Киевке ұшқан Украина әуе жолдарына тиесілі бір жолаушы ұшағының көтерілгеннен қысқа уақыт өткен соң құлағаны, ұшақтағы бүкіл жолаушылар мен экипаждың қаза тапқаны еске салынды.

Мәлімдемеде «Дос Украина және Иран халықтары мен үкіметтеріне шын жүректен көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың туыс тамырларына сабыр тілейміз» делінді.

Украинаның бас қаласы Киевке бару үшін Ирандағы Тегеран Имам Хумейни Халықаралық әуе жайынан бүгін ұшқан «Boeing 737» типі жолаушы ұшағының қысқа мерзімнен кейін жергілікті уақытпен сағат 06.18-де техникалық ақау салдарынан құлағаны білдірілген болатын.

Ұшақтағы жолаушы және экипаждан тұратын 176 адамның ешбірінің құтыла алмағаны жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар