Түркия Израильді сынға алды

Түркия Израильдің Батыс Шерияда жаңа елді мекен салуды мақұлдауына наразылық көрсетті.

1337810
Түркия Израильді сынға алды

Түркия Израильдің Батыс Шерияда жаңа елді мекен салуды мақұлдауына наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі Батыс Шериядағы заңсыз еврей елді мекендерін салуды мақұлдауына байланысты Израильдің заңсыз әрекеттерімен Палестина халқының құқығын қол сұққанын атап көрсетті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде: 

"Жауланып жатқан Палестина территориясында заңсыз елді мекендерде 2 мыңға жақын жаңа үй салуды мақұлдау Израильдің құқықты аяқ-асты еткен, тәртіпсіз әрекетінің соңғы мысалы" деп жазылды.

Израильдің "Арзан ішкі саяси есептерімен Палестинада жасаған қылмысына күн сайын жаңасын қосып келеді" делінген мәлімдемеде:

"Палестина тақырыбында халықаралық қоғамның сезімталдығын ескермеген Израиль заңсыз әрекеттерімен Палестина халқының құқығын аяқ-асты етуді жалғастырып жатыр" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар