"200-250 мың босқын Түркия шекарасына жақындады"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Қала мен қауіпсіздік симпозиумында» үн қатты.

1333491
"200-250 мың босқын Түркия шекарасына жақындады"

Президент Режеп Тайып Ердоған "200-250 мың босқынның Түркия шекарасына жақындағанын" атап көрсетті.

Президенттік сарайда ұйымдастырылған «Қала мен қауіпсіздік симпозиумында» сөйлеген президент Сирияның Идлиб қаласындағы оқиғалар мен жаңалықтарға тоқталды.

200-250 мың босқынның Түркия шекарасына қарай келе жатқанын атап көрсеткен Ердоған «Кейбір шаралармен алдын алуға тырысамыз, дегенмен бұл өте қиын. Өйткені алдыңыздағы адам. Өз азаматтарыңыз бен сізді паналағандарға берген қолдауыңыз мөлшерінде сенім арта аласыз.  Түркия 81 уәлаятқа тараған 4 миллионы сириялық, барлығы 5 миллионнан астам адамға құшақ жайған кезде өз қалаларында шетелдіктерді қаламағандардың адами сезімдеріне сенуге болмайды» деді.

Еуроодақ елдеріндегі қауіпсіздік мәселесімен байланысты баяндаған Ердоған «Ашық және нақты түрде айтқым келеді. Бұл кезең олардың әлі жақсы күндері. Осыларды одан көп және үлкен бәлелер күтеді. Неге? Қауіпсіздік мәселесіне қауіп төндірген қаншама есірткі саудагерлері болса, олардың барлығы біздегі террор ұйымдарымен бірге жұмыстанады» деді.



Ұқсас жаңалықтар