Түркияның 60 жылдық арманы орындалды

Ердоған "Бүгін еліміз үшін тарихи күн" деді.

1330830
Түркияның 60 жылдық арманы орындалды
erdogan yerli otomobil.jpg
yerli otomobil togg.jpg
yerli otomobil togg1.jpg

Түркияның 60 жылдық арманы орындалды.

Түркияның Автомобильі бастамасы тобы тарапынан 2022 жылы өндіріле бастайтын отандық көлік таныстырылды. Коджаленің Гебзе ауданында болған таныстыру рәсіміне президент Режеп Тайып Ердоған қатысты.

Президент Ердоған: «Бүгін еліміз үшін тарихи күн,  Түркияның 60 жылдық арманының шындыққа айналуына бірге куә болып отырмыз» деді.

Президент отандық автокөлік үшін 10 шақты түрік инженердің күні-түні жұмыстанғанын атап көрсетті. «Арманымыз – дизайнер және инженерлеріміздің еңбегінің жемісі, отандық технологиямен өндірілетін,  әлемге атымызды паш ететін автокөлікке ие болу» деді ол.

Ердоған Түркияның енді жаңа технологиялардың тек нарығы емес,  өндіретін, экспорттайтын елге айналғанын айтты. Ол отандық автокөліктің зауытының Бурса Гемликте болатынын білдірді. «Көлік табиғатты еш ластамайтын болады.  Отандық автокөліктің барлық техникалық ерекшеліктерін өзіміз анықтаймыз» деді ол.

Президенттің айтуынша, 2022 жылы Түркияда барлық зариядтау инфрақұрылымы да дайын болады.



Ұқсас жаңалықтар