Акар 19-ші Доха форумына қатысты

Хулуси Акар «Сенімді және маңызды бір НАТО мүшесіміз. Бұл осылай жалғасады» деді.

1323775
Акар 19-ші Доха форумына қатысты

Акар 19-ші Доха форумына қатысты.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Катар Қорғаныс министрі Халид бин Мұхаммед Әл-Атиенің шақыруымен Катарда ұйымдастырылған 19-ші Доха форумына қатысты. Хулуси Акар «Бұзылған әлем жүйесі: Жарыққа шыққан жаһандық қауіпсіздік мәселелерге жаңаша шешім табу» атты сессияда Мюнхен қауіпсіздік конференциясы төрағасы Wolfgang Ischinger-дің сұрақтарына жауап берді.

Сирияда атазаңның жасалуы және заңды бір сайлаудың өткізілуі керектігін түсіндірген Акар ең жақсы шешімнің осы жол екенін білдірді.

Акар Астана және Женева жиналыстарымен бірге Сирияда саяси процесінің жарыққа шығуына үмітті екенін айтты.

Түркияның Еуропа Одағына толық мүшелік нысанасының ешқашан өзгермегенін баяндаған Акар «Сенімді және маңызды бір НАТО мүшесіміз. Бұл осылай жалғасады. Әрине мемлекетіміздің пайдасы үшін басқа елдермен де қарым-қатынастарымызды шын ниетпен жалғастырудамыз» деген сөздер қолданды



Ұқсас жаңалықтар