Ердоған вампирлер тобы қалыптасқанын айтты

Ердоған Нобель сыйлығын Хандке аталған вампир зиялылар тобының өкіліне берудің вампирлер тобының қалыптасқанын ортаға шығарғанын айтты.

1321875
Ердоған вампирлер тобы қалыптасқанын айтты

Президент Ердоған Нобель Әдебиет сыйлығын Петер Хандке аталған вампир зиялылар тобының өкіліне берудің бір вампирлер тобының қалыптасқанын ортаға шығарғанын айтты.

Президент Ердоған Анкара Сауда палатасы орталығында ұйымдастырылған Халықаралық Жергілікті әкімшіліктердегі 6-шы кезекті әйелдер кеңесінде сөз сөйледі.

Нобель сыйлығына жасалған наразылықтарға тоқталған Ердоған:

"Осы абыройлы тұғырға қолдау берген барлық саяси лидерлерге өзім және ұлтым атынан алғыс айтамын" деді.

Президент Ердоған:

"Нобель Әдебиет сыйлығының Петер Хандке аталған вампир зиялылар тобының өкіліне берілуі бір вампирлер тобының қалыптасқанын ортаға шығарды.  Бұл берілген сыйлық бір Азиз Санжар ұстазымызға, бір Орхан Памукқа берілген сыйлық емес. Ешкімді алдай алмайсыз және алданбаймыз" деп көрсетті.

2019 Нобель Әдебиет сыйлығы Серебреница қырғынын теріске шығарған, серб қандықолы Милосевичке табынуымен танымал австриялық жазушы Петер Хандкеге берілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар